Ақтөбе: Ардагер имамдар марапатталды 4034

Ақтөбе: Ардагер имамдар марапатталды

10 қаңтар 2025 970 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың 35 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы Орталық мешітінде ардагер имамдармен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ құрылған сәттен бастап діни салада қызмет етіп келе жатқан ардагер имамдар қатысты.

Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына да 35 жылмен құттықтады.

Бас мүфти ғұмырын діни салаға арнаған дін қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттап, игі тілегін білдірді. Солардың қатарында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Дәуренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы ұстазды және Ақтөбе облысы, Алға ауданының Бас имамы Әбдуахид Абдурасулов имамды марапаттап, алғыс хат берді. Аталған имам-ұстаздар бірнеше жылдар бойы ислам дінінің өркендеп, халықтың руханиятын көтеруге еңбек сіңірген азаматтар.


Бас мүфти: «Біздің әрбір жұмысымыз Алланың дінін дәріптеуге, халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған. Сондықтан біз бұл саланы өз жүрек қалауымызбен таңдағандықтан, әрбір ісімізде ыждағаттылық пен ерекше ықылас танытуымыз тиіс. Өйткені имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы ұстаз. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Баршаңызға Алла разы болсын», – деді.