«Қабақ баба» мешішінде Мәуліт кеші өтті 3652

«Қабақ баба» мешішінде Мәуліт кеші өтті

13 қыркүйек 2024 200 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде «Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед» атты Мәуліт шарасы өтіп, оған «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұстазы Нұрғалиев Бауыржан және «Досжан хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетов қонақ ретінде қатысты.

Игі шараны «Қабақ баба» мешітінің имамы Нұрлыбек Молдабайұлы Мәуліттің қадір қасиетін түсіндірумен басталды. Ал Бауыржан Нұрғалиев ұстазымыз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с ғибратты ғұмырынан жастарға өнеге болатын уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ, жамағатқа арнайы сұрақ-жауаптар дайындалып, белсенді қатысушы азаматтарға Алла Елшісінің (с.ғ.с) өмірі баяндалған кітап табыс етілді.

Рухани кешіміздің соңында Досжан хазірет мешітінің имамы Шынболат Үмбетов мәуліт оқып, мешіт дұға тілеп, батасын берді.

Жамағатқа жайылған дастархан мен рухани бас қосуға ұйытқы болған мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлына жамағат алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі