Облыстың Бас имамы су тасқынынан зардап шеккен отбасыны жаңа қонысымен құттықтады 3650

Облыстың Бас имамы су тасқынынан зардап шеккен отбасыны жаңа қонысымен құттықтады

13 қыркүйек 2024 253 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Қобда ауданына арнайы барған жұмыс сапарында көктем айында су тасқынында зардап шеккен отбасының жаңа қонысымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Адам атадан тараған күллі адамзат баласы жаратылған сәттен бастап түрлі жақсылық мен сынақты бастан кешуде. Өйткені өмір – сынақ мекені. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау.

Биылғы көктем еліміз үшін оңай болмады. Үйсіз қалған әрбір қазақтың қайғысы – бәрімізге ортақ. «Қазаны бірдің қайғысы бір» деген дана халқымыз. Бір елдің суын ішіп, отына жылынып отырған біздер, сіздермен әрқашан біргеміз.

«Шын мәнінде қиындықпен бірге жеңілдік бар» («Шарх» сүресі, 6-аят). Алла Тағала қиындық соңынан жеңілдік беріп, қайғы соңын қуанышқа ұластырып отыр. Бүгін міне, сіздерді құттықтап, қуанышқа ортақтасып келіп жатқан жайымыз бар. Қоныстарыңыз құтты, іші толған береке болсын!»,- деді Амантай Әбділдаұлы.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі