«Ақидадағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өтті
Шалқар ауданындағы «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде «Ақидадағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өтті.
Рухани-танымдық семинарды Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков жүргізіп, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ мешіт жамағатына пайдалы білім беру мақсатымен ұйымдастырылған семинарға «Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің дайындық курс ұстазы Дастан Шынұзақұлы арнайы қатысты.
Ақида дәрісі бойынша «Әбу Ханифаға жабылған жалаларға жауап» тақырыбы қозғалып, толыққанды түсіндірілді. Семинар барысында Бас имам қажетті тың мағлұматтарымен бөлісті.
Семинар өте қызықты һәм тартымды өтіп, қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Айта кетсек, шараға Шалқар ауданының имамдары мен жамағатынан құралған 30 адам қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі