РАНТ мүшесі Хромтау өңірінің оқушыларымен кездесті 3826

РАНТ мүшесі Хромтау өңірінің оқушыларымен кездесті

16 қазан 2024 116 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Орал медресе колледжінің директоры Талғат Мұратұлы Хромтау өңіріне арнайы сапармен ат артып барды.

Республикаға танымал білікті ұстаз Хромтау ауданы 4 орта мектебінде мектеп ұстаздарымен, оқушылармен жүздесіп, "Діни ағымдардан сақтану" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы қатысты.

Хромтау аудандық "Нұр" мешіті мен Аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада көпшілік өздерін толғандырған сауалдарын қойып, дәлелді-дәйекті жауаптар алды.

Жалпы жат ағым деген не, оның өкілдері кімдер, ислам дінінен өзгешегілігі қандай деген мәселелер бойынша мысалдар келтіріліп өтті.