Наиб имам жамағаттың сұрақтарына жауап берді 2685

Наиб имам жамағаттың сұрақтарына жауап берді

16 мамыр 2023 197 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Ақтөбе қаласы, «Нұрдәулет» мешітінде жұма намазын жүргізді. Қасиетті күні жамағатқа «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында уағыз-насихат айтып, халықпен бірге еліміз бен жеріміз үшін дұға жасады. Намаздан кейін ақсақалдар бата беріп, қазақ еліне тыныштық пен ынтымақ тіледі.

Артынша жұма намазға келген жамағатқа арнайы сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, наиб имам жамағат тарапынан қойылған түйткілді сұрақтарға жауап берді. Әсіресе жастар жамағатынан исламның 5 парызы бойынша, «бидғат дегеніміз не?», «жұма намаздан кейін оқылатын сүннет намазының ракағат саны қанша?», «намазда ой бұзыла беретін болса не істеуге болады?» деген секілді көптеген сұрақтар қойылып, дін қызметкерінен тиісті дәлелдермен жауаптар алды.

Аталған сұрақ-жауап алаңы іс-шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасө қызметі