Қалалық мешітте «Адал ас-шариғат талабы» семинары өтті 3981

Қалалық мешітте «Адал ас-шариғат талабы» семинары өтті

29 қараша 2024 276 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Адал ас-шариғат талабы» атты семинар өтті. Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы дініміздегі Жаратушы бұйырған адал астың маңыздылығы туралы: « Алла тағала қасиетті Құранда адамзат үшін не нәрсенің адал және арам екендігін анық көрсеткен. Өңештен өткен әр тағамның халалдан болуы адамның жүрек тазалығы мен дұғасының қабыл болуына себеп. Шын түйсініп қарасақ, харам етілген санаулы ғана дүние болса, адал етілген ішіп-жем өте көп. Сондықтан, адал дүниеге мән беру мұсылманның жауапкершілігінде»,-деп түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, ҚМДБ «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығы жөнінде толығырақ ақпарат берді. Одан өзге бүгінгі таңда тағам құрамына қосылатын күмәнді дүниелерден сақтану үшін аталған орталықтың сайтына кіріп тексерістен өткен мекемелердің өнімдерін сенімді түрде тұтуынуға болатындығынан хабардар етті.