Ақтөбе қаласы АТТ мүшелері студенттермен кездесті 2687

Ақтөбе қаласы АТТ мүшелері студенттермен кездесті

17 мамыр 2023 250 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Қ.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің 1, 2, 3 курс студенттерімен кездесу өткізді. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, Ақтөбе қаласы «Әс-сәләм» мешітінің наиб имамы, теолог Мәди Орынбай және Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты, журналист Жаңалық Ахаш «Ұлттық құндылықтардың алтын діңгегі – дін мен дәстүр» тақырыбында ой қозғады.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы: «Асыл дініміз Ислам – дәстүріміздің алтын діңгегі. Екеуін бөліп жарып қарамай,керісінше сабақтастырып түсінуіміз қажет. Өйткені, халқымыздың дүниетанымындағы барлық салт-жоралғы,әдептер шариғат шеңберінен аспаған. Тіпті, дәстүрлеріміздің шариғи астары бар екендігін анық айта аламыз» - деп түсіндіріп өтті.

Одан өзге, тақырып аясында жастардың ойлы сауалдарына ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері жауап беріп, ұйымдастыру алқасы жастарға пайдалы кездесу үшін өз алғыстарын білдірді.


Ақтөбе қалалық орталық мешіті