Ақтөбе: «Сауал – бізден, жауап – сізден» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылды 2636

Ақтөбе: «Сауал – бізден, жауап – сізден» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылды

04 сәуір 2023 162 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағатқа арналған «Сауал – бізден, жауап – сізден» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Мешіттің наиб имамы Марал Иманғали және ұстаз Рүстембек Аманғосұлы Рамазан айында жасалатын амалдар мен оразаға қатысты сондай-ақ асыл дініміздің негізгі құндылықтары турасында сауалдар қойып, белсенді әрі дұрыс жауап берген қатысушыларға «Оразаға қатысты 200 сұрақ», «Намаз оқып үйренейік» секілді өзге де кітапшаларды сыйға тартты

Одан өзге күн сайын мешіттегі ауызашар дастарханында да көпшілікке сұрақтар қойылып, кітаптар сыйға берілуде.

Айта кетейік, бас имам Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде күн сайын ауызашар жасалуда.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі