Облыстың бас имамы әйел ұстаздарға жиын өтті 4044

Облыстың бас имамы әйел ұстаздарға жиын өтті

18 қаңтар 2025 303 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында өңірдегі әйел ұстаздарға арналған жиын өтті.

Жиналыс барысында облыстың Бас имамы Амантай Садиев «Әйел-қыздар» секторының жұмыстарына тоқталып,

діни қызмет пен діни білім берудегі ұстаздардың жауапкершілігі туралы келелі ойларын ортаға салып, қызметтегі мақсат-міндеттерін түсіндірді.

Жиынның қорытындысында еңбегімен ерекше көзге түсіп, тындырымды істердің басы-қасынан табыла білген ұстаздарға облыстың Бас имамы Амантай Әбілдаұлының атынан алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

Одан өзге жиынға қатысқан «Әйел-қыздар» секторы мүшелеріне келер жылы атқарылуға тиісті тапсырмалар мен міндеттемелер берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі