Облыстың Бас имамы Темір ауданына іс-сапармен барды 1814

Облыстың Бас имамы Темір ауданына іс-сапармен барды

24 маусым 2022 125 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Темір ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында аудан әкімі Саламат Аманбаевпен кездесіп, жаңа ауданның Бас имамы Мейіржан Бердіқожинді таныстырды. 

Сонымен қатар кездесуде өңірдегі діни ахуалды сөз етіп, аудан имамдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге шақырды.

Одан өзге аудандық «Досжан ишан» мешітінде Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Қарыз беру мен қайтару әдептері» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Жұма уағызынан кейін Серікжан Еншібайұлы жамағатқа жаңадан тағайындалған ауданның Бас имамы Мейіржан Бердіқожинді таныстырды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі