АҚТӨБЕ: «РОКОС КО» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Ақтөбе қаласындағы «Рокос Ко» шұжық цехында айлық аудит жұмыстары орындалды.
Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Ақмаржан Ержанқызы және Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкіл, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли жүргізді.
«Рокос Ко» шұжық цехында тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізіліп, шұжық өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сақтау, сату кезеңдері түгелдей қадағаланды. Қолданыстағы шикізаттары мен тағамдық қоспаларының халал стандарты талаптарына сәйкестігі тексерілді», -дей келе, аталған шұжық цехында бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін жеткізді «Халал Даму» директоры.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі