ЖАНТ мүшесі жат ағымның алдын алу сапарына шықты 1540

ЖАНТ мүшесі жат ағымның алдын алу сапарына шықты

14 сәуір 2022 134 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Темір ауданына іс-сапармен барды. 

Сапар барысында наиб имам аудан орталығы Шұбарқұдық ауылында оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар ЖАНТ мүшесі орталықтағы гимназия оқушыларымен кездесу кезінде деструктивті діни ағымдағы азаматтардың белгілері мен сенім идеологиясын түсіндіріп, ара-жігін ажырату мақсатында бағыт-бағдар берді. Әлеуметтік желіде тек сенімді діни ақпарат көздерінен діни мағлұмат іздеу керек екенін ескертті. Кехдесу барысында оқушылардың діни ағымдар туралы қойған сауалдарына жауап берді.

Одан кейін наиб имам өрт сөндіру қызметкерлері және алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздарымен жүздесіп, қоғамдағы салафизм ағымының соңынан еріп кеткен кісілердің арбауына түсіп кетпес үшін бірнеше нұсқаулықтарды көрсетті. ЖАНТ мүшесімен жүздескен қызметкерлер толғандырған сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Іс-сапар жалғасында ЖАНТ мүшесі кешкілік ауызашар дастарханында Рамазан айының әр сәтін пайдаланып, уақытты барынша сауапты амалдарға арнауға шақырды.

Ал құптан намазында тарауих намазына жиналған жамағатқа қаридың сол күнгі оқитын сүрелерінің тәпсірін баяндады. Ертесіне қасиетті жұма намазда бес уақыт парыз намаздан кейінгі абзал құлшылық – таһажжуд намазының артықшылығы мен сауабын насихаттады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі