Ақтөбе имамдары мен жамағат «Жарапазан» жырын айтты 3289

Ақтөбе имамдары мен жамағат «Жарапазан» жырын айтты

19 наурыз 2024 588 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы орталық көшелер мен қоғамдық демалу орындарында дәстүрді дәріптеп, қасиетті Рамазан айдың келуін жар салатын, қала өнерпаздарының орындауында жарапазан айту шарасы өтті.

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастаған топты ақсақалдар, жас жамағат қолдап халыққа «Жарапазан» жырын айтты. 


Шараға бастамашы облыстың бас имамы «Жарапазан» сөзінің мағынасы мен салттың шығу тарихын айтты. Қасиетті айдың қадір қасиеті мен ұлылығына тоқталып, бұл айдағы дұға-тілектеріміз қабыл болып, елімізге тыныштық, халқымызға амандық болуын тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі