«Айс» сүт зауытында айлық аудит жұмыстары жүргізілді
ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Ақтөбе облысына келген сапары барысында халалдың өңірдегі жергілікті өкілі Әли Алмат, технолог Ақмаржан Ержанқызы «Айс» сүт зауытында айлық аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында кәсіпорынның халал стандартына сәйкестігі жан-жақты тексеріліп, шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық өндіріс процестері қаралды. Шикізаттың тазалығы мен сапасына ерекше назар аударды. Сүттің қайдан алынатыны, тасымалдау жағдайлары, сақтау температурасы мен мерзімі, өндірістік процестердегі қосымша ингредиенттердің халалдығы мұқият қадағаланды.
Сарапшылар зауыттың өндірістік желісі, сақтау қоймалары, шикізат жеткізу арналары және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын егжей-тегжейлі қарастырды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі