Мешіт ұстазы Мәуліт айы туралы сұхбат берді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Аймырза «Рика» телеарнасындағы «Кәусар» бағдарламасында қонақ болды.
Мешіт ұстазы Мәуліт айы туралы сүбелі сұхбат берді.
Бағдарлама барысында Мәуліт айы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірін насихаттап, сүннет амалдарын дәріптеудің, дініміздің асыл құндылықтарын ұлықтаудың берекелі мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ айтылып, Пайғамбарымызға салауат жолданады, мәуліт жыры оқылатындығы туралы айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































