Хромтау: «Жаназа рәсімі» тақырыбы бойынша  практикалық сабақ ұйымдастырылды 2494

Хромтау: «Жаназа рәсімі» тақырыбы бойынша практикалық сабақ ұйымдастырылды

16 ақпан 2023 129 Оқу 1 минут

«Көшпелі уағыз-насихат» аясында ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Ақтөбе облысының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің әйел жамағатына фиқһ дәрістерінің «Жаназа рәсімі» тақырыбы бойынша практикалық сабақ өтті.

Дәріс барысында облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі жан тәсілім сәтінде жанындағы адамдардың атқаруы керек амалдар туралы айтып өтіп, оң жаққа қою, кебін пішу, суға ендіру және мәйітті кебіндеу рәсімдерінің әр қайсысына тоқталып өтіп, манекен қолдану арқылы іс жүзінде көрсетті.

Жамағат өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алып, алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі