Ақтөбе: «QMDB Halal» сертификатын жаңартты 4151

Ақтөбе: «QMDB Halal» сертификатын жаңартты

11 ақпан 2025 235 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Jungle park» ойын-сауық кешенінің дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай қайта сертификатталды, сонымен қатар, «Taga» жартылай дайын өнімдері қайта сертификатты жаңартты.

Аталған сертификатты «Халал Дамудың» Ақтөбе қаласы бойынша жауапты өкілі, технолог маман Ақмаржан Ержанқызы табыстады.

Сертификатты қайта жаңартуға өтініш білдірген күннен бастап, жоғарыда аталған кәсіпорын ғимараттарында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, жергілікті технолог маман барлық шикізаттары мен тағамдық қоспаларды тексерді. Тексеру және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Jungle park, «Taga» кәсіпорындары стандарт талаптарына лайық деп танылды.

Айта кетсек, сертификатталған кәсіпорындарға ай сайын айлық аудит жұмыстары жүргізіледі.

Арлы ұрпақ өсіргің келсе , жеген асың адал болсын!

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі