Қобда: Имамдарға Бағдарлық баяндама таныстырылды 4150

Қобда: Имамдарға Бағдарлық баяндама таныстырылды

11 ақпан 2025 170 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасы Қобда ауданының діни қызметкерлеріне таныстырылды. 

Аудан имамы Шымболатов Абай 2025 жыл діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы бекітілген тапсырмаларды баяндап, талқылады.

Сонымен қатар имамдарға 4 бағыттағы жұмыстарға, атап айтқанда, дін мен дәстүр, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру іс-шараларына басымдық беруді тапсырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі