15 Зул-Қағда
Рамазанның құрметіне мұқтаждарға аяқ киім үлестірілді 4341

Рамазанның құрметіне мұқтаждарға аяқ киім үлестірілді

18 наурыз 2025 355 Оқу 0 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес Шалқар ауданында имамдар қоғамда ізгі амалдар мен қайырымдылықты жасауды одан әрі жүйелі түрде атқаруда.

Қасиетті Рамазан айында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен 24 адамға аяқ киім үлестірілді. Аталған аяқ киімдер мешіт қызметкелеріне, мұқтаж жандарға таратылды. Игі іске жеке кәсіпкерлердің демеушілігі себеп болды.

Дін жанашыры болған кәсіпкерлердің Алла Тағала кәсіптеріне береке нәсіп етсін!