12 Зул-Қағда
Мұғалжар: Жаңа имам тағайындалды 4152

Мұғалжар: Жаңа имам тағайындалды

11 ақпан 2025 379 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданындағы Ақкемер ауылдық мешітіне Бас мүфти бұйрығымен Бадіғұлов Жандос имам болып тағайындалды. Жаңа имамды Мұғалжар ауданының бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман жамағатқа таныстырды. 

Жандос Мұратұлы 2015-2018 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы,Үшқоңыр ауылындағы «Үшқоңыр» медресе-колледжінде оқыды.

2018-2021 жылдар аралығында,Жетісу облысы,Талдықорған қаласындағы облыстық Иман мешітіндегі Құран жаттау орталығында құранды толық жаттады.

2021-2022 жылдар аралығында Түркістан облысы, Кентау қаласындағы «Бала би» Құран жаттау орталығынла Құранды толық қайталап шықты.

2022-2023 жылдар аралығында Атырау облысындағы Мақат аудандық мешітінде наиб имам, 2023-2024 жылдары Жетісу облысындағы Талдықорған қалалық «Жетісу» мешітінде наиб имам, 2024 жылдың 20 шілдесінен Ақтөбе облысындағы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде ұстаз болды.

Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі