Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жамағатқа бас имам сағаты өтті 3266

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жамағатқа бас имам сағаты өтті

10 наурыз 2024 588 Оқу 1 минут

Шараның басты мақсаты-Рамазан айының кіруімен қоғамда оразаға қатысты туындайтын көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген түйіткілді мәселелердің шешімін табуға жәрдем ету. Осы орайда, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы жұма намазынан соң, жамағаттың 40-тан астам сауалына нақты дәлелдермен,тұщымды жауап берді.

Рамазан айына дайындықтың ең үлкені -білім ізденіп, жасап жатқан құлшылықтарымызға қатысты, оны бұзып-бұзбайтын әрекеттер мен дұрыс атқарылу жолдарын сауатты орындауға қатысты мәселелерді білу.

Сондықтан әрдайым діни сауал туындаған жағдайда арнайы мешіт имамдары мен ұстаздарынан жауап табуға шақырамыз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі