Ақтөбе: «Milky Land» «Халал Дамудың» айлық тексерісінен өтті 3262

Ақтөбе: «Milky Land» «Халал Дамудың» айлық тексерісінен өтті

06 наурыз 2024 1013 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша технолог маманы Сақимолда Ақмаржан Ержанқызы Хромтау қаласына іс-сапары барысында өңірдегі «Milky Land» кәсіпорының өндірісі мен қызметін тексерді. Кезекті айлық аудит жұмыстарына Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтановта қатысты.

Тексеріс барысында «Milky Land» сауда желісіндегі сүт өнімдерінің жұмысы қадағаланды.

«Аудит аясында халал кәсіпорындар өндірісінің барлық процессі сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына сенімділігі үшін жүргізілуде. Халал кәсіпорындар мен сатылым орындары, сондай-ақ сатушылар мен сату ісін ұйымдастырушылар да халал талаптарын сақтауы тиіс. Сондықтан кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Апталық аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардағы халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен медресе шәкірттеріне арналып оқу-семинары ұйымдастырылды» – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.

Еске сала кетейік, «Milky Land» кәсіпорыны бұған дейін ҚМДБ «Халал Даму» сертификатын иесденген болатын.

 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің

 баспасөз қызметі