Ақтөбе: Онлайн форматта сұрақ-жауап ұйымдастырылды
Ақтөбе облысындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен сектордың инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында 25 қазан – Республика күніне орай «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты тікелей эфирде сұрақ-жауап ойыны өтті.
Аталған эфирге 100-ден астам әйел жамағаты қатысты.
Ұстаздар Кенжегүл Кушқарова мен Анар Қойшығұлова эфирге қосылған көрермендерге «Тарих пен Тәуелсіздік» тақырыптарында елеулі оқиғалар мен тұлғалар туралы сұрақтар қойып отырды.
Сұрақ-жауап ойынының жеңімпаздарына сыйлыққа кітаптар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі