Шалқар: «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өтті 3040

Шалқар: «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өтті

27 қазан 2023 652 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің имамы Шерхан Батырханұлы «Бозой ЖОББМ» КММ-нің оқушыларымен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізіп, басқада діни сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында имам ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері, қазақ елінен шыққан діни қайраткерлердің өмір тарихы мен діни ұстанымдарына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың жолдарын көрсетті.

Аталған кездесуге 8-11 сынып оқушылары яғни 130 оқушы қатысып, өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі