«Әс-Сәлам» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды 2065

«Әс-Сәлам» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды

09 қыркүйек 2022 270 Оқу 1 минут

Бүгін, қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы, «Ас-Салам қайырымдылық мекеме» жеке мекемесіне директор болып Сұңғат Саметов тағайындалды.

Ол – бұған дейін Әйтеке би аудандық орталық мешітінің наиб имамы, Әйтеке би ауданының Бас имамы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша «Зекет және қайырымдыдық» қорының, «Жастар ісі» секторының өкілі.

Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің бас имамы қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Сұңғат Қанатұлы «Астана» медресе-колледжі мен Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған Бас имамды жұма намазға жиналған жамағатқа облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы және қайырымдылық мекемесінің директоры қызметін атқарған Нұрлыбек Такеев жуырда ғана ашылған «Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінің имамы ретінде қызметін жалғастырады.


 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі