«Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз айтылды 4930

«Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз айтылды

13 қазан 2025 101 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық «Сүлеймен ата” мешіт ұстазы  Дарменов Қайрат жамағатқа «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз айтты. Исламдағы отбасы қандай болуы керек, исламдағы отбасының құндылықтары қандай, - деген сияқты сұрақтарға жауап беруге тырысты. Отбасы - исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген. Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген. Отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен. Тағы да басқа хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген.