«Мұнара»: Аманат тақырыбына арналған бағдарлама таспаланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл арнасы, еліміздегі жиырма төрт сағат үздіксіз жұмыс істейтін рухани-ағартушылық «Мұнара» телеарнасындағы «Отбасы кодексі» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті.
Түсірілімге Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Мырзабек қари Хамитов қатысып, аманат тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты.
Бағдарлама барысында ислам дініндегі аманат ұғымының мәні, оған қиянат жасамау және әрбір мұсылманның мойнындағы аманаттың жауапкершілігі кеңінен баяндалды.
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі



































