«Ислам зорлық-зомбылыққа қарсы» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Анаға тағзым» орталығында әйел жамағатына «Шынайы мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам», «Ана тәрбиесі – ұрпаққа аманат» тақырыбына жіті тоқталды.
Сонымен қатар Шалқар аудандық емханада зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында емделушілерге ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тренингтер ойнатылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі