«Зулхижжа айының алғашқы он күнінің артықшылығы» атты семинар өтті
«Бақытжан” мешітінің әйел жамағатына ұстаз Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен «Зулхижжа айының алғашқы он күнінің артықшылығы» атты семинар өтті.
Құрбан айт мерекесі қарсаңында жамағаттың “Қажылық. Құрбандық шалу. Арапа оразасы. Құрбан айт мерекесі” тақырыптары семинар барысында қамтылды.
Мешіт ұстазы: “Зулхижжа айы қасиетті айлардың бірі. Әсіресе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл айдың алғашқы он күндігігінде барынша көбірек ізгі амалдар жасауымызға шықырды. Себебі бұл күндерде жасалған амалдардың сауабы да мол, Алла алдында орны да бөлек. Әрбір мұсылман адам әдеттегі парыздарын орындап болып, бұл күндерде қосымша құлшылықтарға көбірек көңіл бөледі: нәпіл намаздар оқиды, қосымша не қаза оразасын өтейді, садақа береді, туыстарымен қарым-қатынас жасайды, жағдайлары нашарларға көмектеседі, жетімдердің басынан сипап қуаныш сыйлайды” деп игі істер жасауға, ұрпаққа үлгі-өнеге болуға шақырды.
Семинар қортындысында тақырыптар төңірегінде көкейдегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауабын алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram