Ақтөбе облысы Бас имамы құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді 3402

Ақтөбе облысы Бас имамы құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді

10 маусым 2024 200 Оқу 1 минут

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің имамдары Ақтөбе қаласы бойынша құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексерді. Сонымен қатар өңірдегі құрбан шалынатын орындардың бірі – 41 разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан «Айбек» СТК ет комбинаты мен «Есік» ЖШС мал базарының басшылығымен кездесіп, құрбан шалу рәсімі толық түсіндіріліп, дайындық жұмыстары пысықталды. Одан өзге кездесуде қосымша қасапшылар т.б мамандармен қамтамасыз ету мәселері қарастырылды. Бас имам санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалуды басты назарға алу керектігіне тоқталды. Айта кетсек, биыл құрбан айт 16-18 маусым күні өтеді.  

Ақтөбе қаласы әкімдігінің бекітуімен Ақтөбе қаласында 5 жерде құрбандық шалуға болады: «Есік» ЖШС (Мал базары), «Айбек» СТК (41-ші разьезд), ЖК «Қасымов и К» (Жаңақоныс), ЖК «Молдабеков» (Мал базары), «Жібек жолы» (Рауан ықшам ауданы).



Ақтөбе облыстық орталық  

«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі