Облыстық мешітте жазғы сауат ашу курсы басталды 3401

Облыстық мешітте жазғы сауат ашу курсы басталды

10 маусым 2024 358 Оқу 1 минут

Оқу жылы да аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Осы орайда әр жаз сайын ҚМДБ «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді.

Жылдағы үрдіске сай биыл да Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті оқушыларға арналған тәрбиелі де өнегелі дәріске толы «Имани жаз» рухани сауат ашу курсының алғашқы легі басталды.

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы балалар мен ата-аналарға діни сауат ашу курсы мен имандылық тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, курстың ашылуымен құттықтады.

Мешіт жанынан ұйымдастырылған курста балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастарқан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, әртүрлі ойындар арқылы бауырмашылдық пен таным шеңберін кеңейту жұмыстары жүргізіледі.