Бас имам теміржолшыларды жат ағымнан сақтандырды 3901

Бас имам теміржолшыларды жат ағымнан сақтандырды

04 қараша 2024 714 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев Шалқар аудандық «Қамқор локомотив депосы» мекемесінің қызметкерлерімен «Таза діннің тұнығын ластайтын жат ағымның зардабы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі – діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай. Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғаш уахи етіп түсірген аяттарында:«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деп оқуға бұйырды.Бұл аяттардан оқудың, білім алудың дініміздің ең басты талаптары екенін ұғамыз. Жат ағым өкілдері діни сауаты төмен адаммен тілдескенде қасиетті Құранның астарлы мағынада келген аяттарын тікелей мағынада түсіндіріп не қате бұрмалап талдау жасау арқылы өз қатарына тартуға тырысады.Сондықтан жат ағым жетегінде кетуден сақтанудың ең негізгі жолы – діни сауатты арттыру» - деп атап өтті.

Кездесу барысында жат ағымның алдын-алуға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, насихат айтылды. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің тарапынан туындаған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.