Жазғы курста «Көңілді старт» атты эстафеталық ойындар өтті 2762

Жазғы курста «Көңілді старт» атты эстафеталық ойындар өтті

12 маусым 2023 248 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті жанынан ашылған «Имани жаз -2023» сауат ашу курсында жазғы демалысын 87 бала өткізуде, оның ішінде 36 қыз балалар бар.

ҚМДБ Бас муфтиі хазірет Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен әр мешітте «Имани жаз -2023» лагерлері ұйымдастырылып отыр.

«Бақытжан» мешіті қыз балаларға арнап ұстаз Анар Қойшығұлова «Ойната отырып дамыту, дамыта отырып Дінін үйрету» деген авторлық бағдарламасымен дәрістерін бастап та кетті.

Бұл әдістеме балалардың да, ата-аналардың да көңілдерінен шығуда.

Ерекшелігі түрлі зейінді, еске сақтауды, ойлауды дамытатын жаттығулар мен ойындар арқылы діни бастапқы сауаттарын ашып, әдептілікке баулу.

Қазақ халқы «Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала» десе, асыл дініміз «Ілімнен бұрын әдепті үйрен» деп өсиеттейді.

Алғашқы аптаның соңғы күндері балалардың есінде қалардықтай қызықты өтті. Атап айтсақ «Көңілді старт» атты эстафеталық ойындардан тұратын сайыс өтті. Бұған лагерьдің қыз балалары қатысты.

Сайыс белдеме, секірме, доп, қапшықпен секіру, қыстырғыш қысып ойнау секілді түрлі қызықты әрі тартысты кезеңдерден тұрды.

Балалар өте көңілді, «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген қағидамен білек сыбана кірісіп, белсенділікпен қатысты.

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Естелікке суретке түсіп, марапаттарын арқалап, мәз-мейрам боп тарасты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі