Бас имам мектепте дәріс оқыды 2689

Бас имам мектепте дәріс оқыды

17 мамыр 2023 307 Оқу 1 минут

Ұлттық қауіпсіздігімізге қатерін төндіріп отырған жат ағыммен күрес – бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте атқарылар шаралардың бірі – жастар арасында Ислам діні құндылықтарын насихаттап, экстремизмнің алдын алу. Осыған орай Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов мектеп мұғалімдерімен кездесіп, сан ғасырлық салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан ата дініміздің қазақ тарихындағы орны жөнінде дәріс оқыды.

«Мейірім мен кешірім діні – Ислам діні адамзат баласын бауырмалдыққа шақыратын дін. Сондықтан да шариғат жүйесінде салт-санамызға қайшы келіп, ұлттық болмысымызды жоққа шығаратын ұстанымдардың болуы мүмкін емес. Өкінішке қарай, кейбір жастарымыз бүгінгі таңда адасқан ағымдардың жетегіне еріп, дінімізге күйе жағуда. Бұл – білімсіз, яғни діни, тарихи сауатсыздықтан туындап жатқан жағдай. Жастар – біздің болашағымыз, елдің ертеңі. Сол себепті жастарымыздың жат ағымға еріп, баба салтына мойынсұнбауы – түптеп келгенде, ел бірлігінің бұзылуына алып келетін рухани дерт», – деді бас имам өз сөзінде.

Шара соңында мұғалімдер бас имамға толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі