Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешіті балаларға мерекелік қуаныш сыйлады 1747

Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешіті балаларға мерекелік қуаныш сыйлады

01 маусым 2022 124 Оқу 1 минут

Баршамызға белгілі Президентіміз Қасымжомарт Тоқаев биылғы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай облыс имамы С.Еншібайұлы бастаған облыстық Нұр Ғасыр мешітінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында «1 маусым – балаларды қорғау күніне» орай мерекелік шара өтті.

Аталмыш іс-шараға қаланың балдырғандары мен оқушылары келіп, көңіл көтерді.

Алланың үйінің ауласында өткен мерекелік бағдарламада әртүрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы ойыншықтар үлестірілді. 1000 балаға балмұздақ таратылып, кішкентай бүлдіршіндерге батут ойын алаңы қойылды. Сондай-ақ әртүрлі жануардың киімін киген аниматорлар ойын-сауық көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады. Шара барысында балдырғандар лимузин автокөлігімен қаланың көрікті жерлерін тамашалады. Оқушылар арасында викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.

Балаларының көтеріңкі көңіл күйіне разы болған ата-аналар ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне ерекше алғыстарын айтты.

Осындай ауқымды шараның өткізілуіне демеушілік жасап, өз жәрдемін берген жомарт азаматтарға Алланың разылығы болсын деп тілейміз.

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» 

мешітінің баспасөз қызметі