«Ислам және адал қоғам» атты кездесу өтті
Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінде Ойыл аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан және насихат» бағыты аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
«Ислам және адал қоғам» тақырыбында өткен шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы адалдық қағидаларын насихаттау, имандылық құндылықтарын кеңінен түсіндіру.
Ауданның Бас имамы Бақжарық Қызыр Ислам дініндегі адалдық, әділдік және адамгершілік құндылықтарының қоғамдағы туралы айтты. Сонымен қатар адал еңбек пен адал табыс табудың берекесі мен адам өміріндегі маңызына тоқталды. Одан өзге отбасы тәрбиесі, көркем мінез және мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы да кеңінен баяндады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр мешітінің баспасөз қызметі





































