Темірде 2 тонна қарбыз және қауыннан ұшыр берілді
Жерден өсіп шығатын егін өнімдерінің зекетін – ұшыр деп атайды.
Араб тілінде ұшыр «оннан бірі» деген мағынаны білдіреді. Жер өнімдерінен (егін және жеміс-жидек) зекет беру – парыз.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жерден шыққан өнімнен берілетін зекет мөлшерін баяндап: «Жаңбыр және ағын суымен суғарылған егістік өнімінің оннан бірі, шелекпен суарылғанның жиырмадан бірі беріледі», – деген (Бұхари, Мүслим).
Осындай игі іске Темір қаласының тұрғыны Азат есімді кәсіпкер себепкер болып, мешіт жамағатына ұшырын берді.
Сауапты іске мұрындық болған Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералин 2 тонна қарбыз және қауыннан берілген ұшырды аз қамтылған, көп балалы отбасыларға таратып берді. Мешіттен көмек алған тұрғындар алғыстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































