Мұғалжар: «Адамзаттың ардақтысы» атты рухани Мәуліт кеші ұйымдастырылды 2981

Мұғалжар: «Адамзаттың ардақтысы» атты рухани Мәуліт кеші ұйымдастырылды

10 қазан 2023 85 Оқу 1 минут

Мұғалжар аудандық «Қадырәлі ата» мешітінде «Адамзаттың ардақтысы» атты рухани мәуліт кеші өтті. 

Шараға аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Асемхан Ерғазин, мешіт ұстазы Абат Жалимов, «Қадырәлі ата» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов, наиб имамы Жасұлан Бағытжанов және ақсақалдар мен мешіт жамағаты қатысты.

Ақтөбе қаласынан шақырылған «Әс-Сәләм» қайырымдылық мекемесінің директоры Айдар Сұлтанмұратов, аталған мекеменің тәрбиешісі Жанболат Айдынғалиев рухани отырыстың арнайы қонақтары болды.

Шараның басты мақсаты – Ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айту, оның асыл қасиеттерін дәріптеу, халық арасында имандылықты насихаттай отырып, тұрақтылық пен тыныштыққа үндеу болып табылды.

Кеш барысында діни танымдық сұрақтар қойылып, белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі