"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты марапатталды. 3378

"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты марапатталды.

31 мамыр 2024 443 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, "Бақытжан" мешіті  жанынан ашылған әйел-қыздар жамағатына арналған діни сауат ашу курсында үстіміздегі жылы 100-ден аса шәкірт алғашқы діни сауаттылығын ашып, асыл дініміздегі әр мұсылман білуі тиіс негізгі  ілімдерді оқып, үйреніп шықты.

 Діни сауат ашу курсында Ақида, Фиқһ, Әдеп, Сира, Құран пәндерінен тұрақты әрі  қажетті білімдер берілді.

Мешіт шәкірттерінің алды жасы 70 тен асқан ақ жаулықты әжелер болса, ең кішілері ата-анасының рұқсатымен әрі қолдауымен  келіп жүрген  жеткіншектер. 

Мешіт шәкірттері бірлікпен, ынтымақпен жыл бойы тек сабаққа ғана келіп қоймай, "Ихсан және дәстүр құндылығы" жылында көптеген Дін мен Дәстүр ұштасқан мәдени, рухани шаралар, интеллектуалдық әрі практикалық сабақтар, аспаздық, тігіншілікке қатысты шеберлік сағаттар және де біршама қайырымдылыққа қатысты іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.

Жоғарыда аталған әрбір шарадағы белсенділіктерін ескере отыра мешіт имамы  Ержан Мизамов мешіт белсенділерін  алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова да өз кезегіде   кейбір шәкірттердің оқу процесіндегі жетістігі мен  қатысымын ескере отыра "Үздік шәкірт -2024", "Үлгілі шәкірт-2024" номинациясымен марапаттады. 

Алла жамағаттың ауызбіршілігі мен ынтымағын берік етіп, білімдерін арттыра бергей !