Ақтөбе мешіттері сенбілік өткізді
Көктем мезгілі келісімен жылдағы үрдіс бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіне қарасты облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешіттер мешіт айналасында «Таза әлем» акциясы аясында сенбілік шараларын жүргізді. Сенбілікке мешіттердің ұжымы және жұдырықтай жұмылған жамағаттары да ат салысты. Жамағат асарлатып, ішкі сыртқы тазалықтар толық жасалды. Атап айтсақ, әдеттегідей ағаш түптері қопсытылып, әктеліп, мешіт аулалары қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, әртүрлі жас ағаштардың түптері отырғызылды. Сенбілікке қатысқан барша жамағатқа өз алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.