Интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ «Жастар ісі» секторы және «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында мешіт жамағаты арасында интеллектуалды білім сайысы өтті.
Қатысушылар фиқһ, ақида және сира пәндері бойынша білімдерін сынады. Жарыс Kahoot платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Бейсенбілік ауызашармен қатар өткен білім сайысында күрделі саналған бірнеше сұрақтар талданды. Жамағат та көкейлерінде жүрген діни сауалдарын қойып, өздерін толғандырған мәселелерге қатысты тұшымды жауап алды.
Дода қорытындысы бойынша І орынды Аманжол Изиятов, ІІ орынды Мадияр Раев, ал ІІІ орынды Руслан Рыскелді иеленді.
Іс-шара соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































