Білім сыны атты зияткерлік сайыс өтті 3459

Білім сыны атты зияткерлік сайыс өтті

21 шілде 2024 534 Оқу 1 минут

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Ақтөбе қалалық “Қабақ баба” және Ақтөбе қалалық“Сүлеймен ата” мешіттері “Ихсан” орталығымен бірігіп, “Білім сыны” атты зияткерлік сайысын өткізді. Шараны “Қабақ баба” мешітінің бас имамы Дүйсеев Нұрлыбек ашып, білім алудың, жамағатпен араласудың маңыздылығы туралы насихат айтты. 

Ақтөбе облыстық қыздар-әйелдер секторының жетекшісі Кушкарова Кенжегүл мен “Ихсан” орталығының ұстазы Бисембаева Роза сайысқа қазылық етті. Зияткерлік сайыс 4 кезең бойынша өтті: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, медиа және логикалық сұрақтар. Таласты да, тартысты сайыста Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шәкірттері жүлделі 1-орынға ие болды. 2-орынды “Зәм-зәм”, ал 3-ші орынды “Фирдаус” тобы алды. Жеңімпаздарға сыйлықтар (қазандар), қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Көрермендерді де қуанту, білімдерін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап өткізілді. Дін мен дәстүр аясында қойылған сұрақтарға белсенді жауап берген қыз-келіншектерге кітаптар берілді. Сайыстан соң дастарханға жайғасып, “Қабақ баба” мешітінің ұстазы Сагиева Ақерке әдеп, құрмет, Құран оқу туралы уағыз-насихат айтты. Аталған шараға келген ұстаздар пайдалы ілімдерімен бөлісіп, діни және зайырлы білімнің қатар қажеттілігі жөнінде сөз қозғады. Шараға келген әйелдердің тарапынан алғыс айтылып, осындай білім сайысы жиірек болса екен деген ұсыныстарын жеткізді