Облыстық мешітке жаңа ұстаз  тағайындалды 3529

Облыстық мешітке жаңа ұстаз тағайындалды

31 тамыз 2024 625 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жаңа ұстазы болып Досбол Нұрболұлы тағайындалды.

Досбол Аймұрза 2018-2021 жылдары «Астана» медресе-колледжінің түлегі. Ал 2021-2024 жылдары Түркия мемлекетінде білімін жетілдірген.

Жаңадан тағайындалған ұстазды Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев жұма намазға жиналған жамағатқа таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі