Ақтөбе: Мешіттерде жазғы сауат ашу курстары басталды 2753

Ақтөбе: Мешіттерде жазғы сауат ашу курстары басталды

06 маусым 2023 189 Оқу 1 минут

Биылғы оқу жылы да аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Осы орайда әр жаз сайын ҚМДБ «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді.

Жылдағы үрдіске сай биыл да Ақтөбе мешіттері оқушыларға арналған тәрбиелі де өнегелі дәріске толы «Имани жаз» рухани сауат ашу курсын бастады. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алған дәрістер қалалық және аудандық мешіттерде жалғасын тапты.

Мешіт жанынан ұйымдастырған курстарда балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастарқан батасын беру, ас ішер алдындағы және кейінгі дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер өткізіліп жатыр. Сондай-ақ шәкірттерге таңғы, түскі, түстен кейінгі ас беріліп, әртүрлі ойындар арқылы бауырмашылдық пен таным шеңберін кеңейту жұмыстары жүргізуде.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі