Қарғалы: «Дін мен дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды 4144

Қарғалы: «Дін мен дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

10 ақпан 2025 68 Оқу 1 минут

Қарғалы аудандық «Ас-Самиғ» мешітінің имамы Нұрлан Қырықбаев аудандық кітапханада «Дін мен дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шара барысында қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты екені айтылды.

Сонымен қатар имам дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайтынын түсіндірді.

Игі шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі