#Оразаайт: Айт мерекесінде балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды 6124

#Оразаайт: Айт мерекесінде балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды

22 наурыз 2026 23 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес қайырымдылық және рухани шаралар жалғасып келеді. Осы жоспар аясында Ораза айт мерекесінде Қарғалы аудандық мешітінде «Рамазан тәттісі» акциясы ұйымдастырылып, «Айгөлек» және «Балапан» балабақшасында балаларға айттық ретінде тәттілер таратылды. 

Аталған игі шараға мешіттің бас имамы Нұрлан Қырықбаев арнайы қатысып, балаларға тәттілерді табыстады. Бұл бастама қасиетті жас ұрпақтың көңіліне қуаныш сыйлап, мейірім мен жанашырлықты дәріптеуді мақсат етеді. Балалардың бойында ізгілікке, қамқорлыққа және рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі