Облыстың Бас имамы қала мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысты 3587

Облыстың Бас имамы қала мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысты

02 қыркүйек 2024 449 Оқу 1 минут

Жуырда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Ақтөбе облысының Бас имамы болып тағайындалған Амантай Садиев Ақтөбе қаласындағы бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Облыстың Бас имамы алдымен тарихи Ақтөбе қалалық орталық мешітінде болып, мешіт имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.

Амантай Әбділдаұлы кездесу барысында мешіттердегі діни іс шаралар, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығына, құжаттарының толық болуы, бес уақыт намаз, уағыз-насихат, жат ағым мүшелерімен тұрақты жұмыс жүргізу т.б. мәселелер туралы нақты тапсырма берді.

Сонымен қатар «Әзіреті Біләл (р.а)» мешіті мен «Ас-Салам» қайырымдылық мекемесінде болды.

Аталған қайырымдылық мекемесінде шәкірттерді білім күнімен құттықтап, ілім алудың маңыздылығы туралы насихат айтты.

Айта кетсек, облыстың бас имамы өңіріміздегі діни ахуалды одан сайын жақсарту мақсатында өңір халқына жаңа серпін беру үшін, ең алдымен мешіт пен оның келушілері арасындағы байланыстың нығаюы маңызды екенін басты назарға алған. Осы мақсатта мешіттермен жеке-жеке танысу мақсатында қалалық мешіттерді аралаудан бастады.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі