Ақтөбе: Мешіт құрамынан құрылған қос команда чемпион атанды
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен оқу ордасының спорт алаңында жастар арасында салауатты өмірді насихаттау және оқу ордасының оқу жылының тәмамдалуына орай футболдан турнир өтіп, мешіттің қос командасы жеңімпаз атанды.
Жарысқа Ақтөбе, Атырау облыстарынан 9 команда қатысты.
Аталған футбол турнирінде облыстық орталық мешітінен «Нұр Ғасыр» және «Жастар ісі секторы» командасы қатысып, үздік ойын көрсетіп, финалға жетті. Төрешілердің бағалауы бойынша ең үздік қортынды иеленіп, бас жүлдеге тіккен қос автомобилді иеленді.
Жарыс қортындысында «Бақытжан мешітінің бас имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Ержан Мизамов:
Әбу Һурайра (р.а.): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, әрі Аллаға ұнамдырақ. Бірақ, екеуінде де қайыр бар. Өзіңе пайдалы дүниеге ұмтыл, Алладан жәрдем сұра, дәрменсіздік танытпа. Бір жағдайға тап бола қалсаң, «Егер мен былай істегенде былайша-былайша болар еді» деп айтпа. Алайда: «Алла Тағала жазды, Оның қалауы болды», деп айт. Өйткені, «егер» деген сөз шайтанға жол ашады», деген хадисті риуаят етеді (Имам Муслим риуаят еткен).
Хадисте айтылғандай: «...ауру келмей жатып, денсаулықтың қадірін біл...»,-дегендей Алла Тағаланың берген денсаулығын қадіріне жетейік. Қадірін білу бұл денсаулықты тиісті орнына жұмсау. Яғни құлшылық ету, білім алу және қоғамда пайда тигізу секілді бүгінгідей жарысқа қатысу болып саналады»,-деп жарыстың өте жоғары дәреже өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі