Наиб мүфти ресми сапармен Мәскеуге барды 1102

Наиб мүфти ресми сапармен Мәскеуге барды

16 қараша 2021 91 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Ресей астанасы Мәскеуге ресми сапары аясында Ресей мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары Рушан Аббясовпен кездесті.

Ершат Оңғар кездесу барысында ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти шейх Равиль Гайнутдиннің құттықтау лебізін қабыл алды.

Кездесу барысында көршілес елдің рухани-мәдени, діни саладағы байланысы сөз болды. Қазақстан мен Ресей мұсылмандары Діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыстың нығайып келе жатқандығы айрықша аталды.

Ершат Оңғар сұхбат барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясының жай-жапсарын таныстырды.

Басқосу соңында тараптар Ресей мен Қазақстан мұсылмандары діни бірлестіктері алдағы уақытта бірқатар жобаларды бірлесіп іске асыратынына сенім білдірді.